Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 4 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 маусымда № 3627 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына  сәйкес Маңғыстау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2787 болып тіркелген, 2015 жылы 19 тамыздағы №39-40 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Шарқатбаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Айтуаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау аудандық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      Озған Саттар Тұрашұлы

      "28" 05 2018 жыл 

  Маңғыстау ауданы әкімінің
2018 жылғы "28" 05
№ 04 шешіміне
қосымша

Дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін Маңғыстау ауданының аумағындағы сайлау учаскелері № 166 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, Орталық алаң, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Орталық шағын ауданының №№ 1-29 үйлері және жеке тұрғын үйлері, Қызылтұран шағын ауданының №№ 1-100 тұрғын үйлері Қарашоқы шағын ауданының Мешіт – Базарлы автокөлік жолының шығысындағы №№ 11-174 тұрғын үйлері, "Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Маңғыстау ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, №14 теміржол бекетіндегі тұрғын үйлер.

№ 167 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, "Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Базарлы шағын ауданының №№ 1-350 тұрғын үйлері, Бөгет шағын ауданының №№ 1-27, 76-87 тұрғын үйлері, Мақаш шағын ауданының №№ 1-67 тұрғын үйлері, Құрылысшы шағын ауданының №№ 1-37 тұрғын үйлері, Қарашоқы шағын ауданының Мешіт – Базарлы автокөлік жолының батысындағы №№1-126 тұрғын үйлері.

№ 168 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, "М.Атымов атындағы №6 орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы:  Жаңаорпа шағын ауданының №№ 1-414 тұрғын үйлері, Ащыбұлақ шағын ауданының №№ 1-109 тұрғын үйлері, Қызылтұран карьері, Аэропорт жерлеріндегі тұрғын үйлер, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.

№ 169 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, "Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Шетпе-1 шағын ауданының №№ 1-507 тұрғын үйлері, "МырзАбек- Алтын Тас групп" акционерлік қоғамының жатақханасы, Шақырған, Қарашымырау, Шилібұлақ, Сиырсу, Көгез, Шілгөз, Арпалы, Иір жеріндегі тұрғын үйлер.

№ 170 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, "№5 бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қосбұлақ шағын ауданының №№ 1-96 тұрғын үйлері, Қосбұлақ-2 шағын ауданының, Аусары елді мекенінің және №13 теміржол бекетінінің тұрғын үйлері.

№ 171 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты.

      Шекарасы:  Батыс ауылының №№ 1-57 тұрғын үйлері, Шығыс ауылының №№ 1-40 тұрғын үйлері, Оңтүстік ауылының №№ 1-78 тұрғын үйлері, Оңтүстік шығыс ауылының №№ 1-7 тұрғын үйлері, Толыбай ауылының №№ 1-113 тұрғын үйлері, Теміржол ауылының 16 пәтерлі №№ 1-11 үйлері, 12 пәтерлі №№ 1-7 тұрғын үйлер, №№6,7,9 теміржол бекеттеріндегі тұрғын үйлер.

№ 172 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайөтес ауылдық округі, Боздақ елді мекені, Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Боздақ бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боздақ елді мекенінің 16 пәтерлі №№ 1-4, №№ 5-15 үйлері, Жаңа ауыл көшесінің №№ 1-40 тұрғын үйлері.

№ 173 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қарақұдықмұнай" кенорны, № 6 жатақхана ғимараты.

      Шекарасы:  "Қарақұдықмұнай", "Кен-Сары", "Ком-Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің вахта қалашықтары.

№ 174 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жыңғылды ауылы, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Өрлеубай шағын ауданының №№ 1-23 тұрғын үйлері, Қожық шағын ауданының №№ 1-39 тұрғын үйлері, Бегей батыр шағын ауданының №№ 1-9 тұрғын үйлері, А.Меңдалыұлы шағын ауданының №№ 1-29 тұрғын үйлері, Ж.Мәтұлы шағын ауданының №№ 1-18 тұрғын үйлері, Айназар Ата шағын ауданының №№ 1-70 тұрғын үйлері, Н.Бейнеуов шағын ауданының №№ 1-40 тұрғын үйлері, Әнеш шағын ауданының №№ 1-20 тұрғын үйлері, Ш.Ыбырайымұлы шағын ауданының №№ 1-74 тұрғын үйлері, Айжанақ шағын ауданының №№ 1-20 тұрғын үйлері, Рай шағын ауданының №№ 1-39 тұрғын үйлері, Құлыш шағын ауданының №№ 1-69 тұрғын үйлері, Ақфонтан шағын ауданының №№1-36 тұрғын үйлері, Шат, Қарақолқа, Кабиналы, Ұланақ, Бірқарын, Шағылқора, Тұщықи, Ақбас, Сартөбе, Кеңқолтық, Жылыбауыр қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 175 сайлау учаскесі

      Орталығы: Отпан ауылдық округі, Тұщыбек елді мекені, Маңғыстау ауданы әкімиятының "Тұщыбек негізгі орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұщыбек елді мекеніндегі №№ 1-25, №№ 27-39, №№ 43-64, №№ 66-78 тұрғын үйлері, Маңғыстау ауданы әкімиятының "Тұщыбек негізгі орта мектебі" мемлекеттік мекемесі, "Отпан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, медициналық пункт, "Аман бұлақ" кешені, "Адай Ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешені, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараттары, №15 теміржол бекетінің тұрғын үйлері.

№ 176 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шайыр ауылдық округі, Шайыр ауылы, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Қ.Тұрмағанбетұлы көшесінің №№ 1-113 тұрғын үйлері, Ж.Сәрсенғожаев көшесінің №№ 1-71 тұрғын үйлері, И.Сүйеубаев көшесінің №№ 1-30 тұрғын үйлері, Қ.Құспанов көшесінің №№ 1-43 тұрғын үйлері, Ә.Тұяқов көшесінің №№ 1-61 тұрғын үйлері, Боқтысай, Жалған, Боздақ, Шилі, Шағылсай, Қызылеспе, Аққорған, Қарабас, Құмаққора қыстауларындағы тұрғын үйлер.

№ 177 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шайыр ауылдық округі, Тиген елді мекені, медициналық пункт ғимараты.

      Шекарасы: Тиген елді мекенінінің №№ 1-30 тұрғын үйлері, Тасмұрын елді мекенінің №№ 1-6 тұрғын үйлері, Селеулі, Теріс бауыр, Бисалы, Шаршы қора, Керімді, Дағдұщы, Андығара, Ұзынбас, Шеккі қора, Қырықбасан, Ақсай, Қызыл ауыз, Қиян, Ботагөз, Қақпақты, Жырыққора, Шаршықора қыстауларындағы тұрғын үйлер.

№ 178 сайлау учаскесі

      Орталығы: Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: С.Абдрахманов көшесінің №№ 1-17 тұрғын үйлері, Н.Қойшыбаев көшесінің №№ 1-25 тұрғын үйлері, Абыл жыршы көшесінің №№ 1-13 тұрғын үйлері, Досан батыр көшесінің №№ 1-34 тұрғын үйлері, Айдар ишан көшесініңі №№1-31 тұрғын үйлері, Е.Атағозиев қөшесінің №№ 1-20 тұрғын үйлері, Қаламқас көшесінің №№ 1-23 тұрғын үйлері, Матжан би көшесінің №№ 1-25 тұрғын үйлері, И.Тіленбаев көшесінің №№ 1-25 тұрғын үйлері, А.Қуанов көшесінің №№ 1-9 тұрғын үйлері, Құлбарақ көшесінің №№ 1-21 тұрғын үйлері, Бүркітбай көшесінің №№ 1-20 тұрғын үйлері, Қойсары көшесінің №№ 1-11 тұрғын үйлері, Маңғыбай көшесінің №№ 1-18 тұрғын үйлері, Шотан Назарұлы көшесінің №№ 1-45 тұрғын үйлері, А.Қодаров көшесінің №№ 1-18 тұрғын үйлері, Қ.Жұмалиев көшесінің №№ 1-54 тұрғын үйлері, И.Жанаділов көшесінің №№ 1-13 тұрғын үйлері, Ш.Томпиев көшесінің №№ 1-22 тұрғын үйлері, Қияқты, Досалы елді мекендеріндегі тұрғын үйлер.

№ 179 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шебір ауылдық округі, Шебір ауылы, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Е.Төлегенұлы көшесінің №№ 1-11 тұрғын үйлері, Ш.Қосжанұлы көшесінің №№ 1-22 тұрғын үйлері, Е.Далмағанбетұлы көшесінің №№ 1-24 тұрғын үйлері, М.Құбышев көшесінің №№ 1-5 тұрғын үйлері, Ж.Жапақов көшесінің №№ 1-14 тұрғын үйлері, Әуеталық-Қожыр көшесінің №№ 1-18 тұрғын үйлері, Төлеу-Халифа көшесінің №№ 1-10 тұрғын үйлері, Қойбас Қожантай көшесінің №№ 1-34 тұрғын үйлері, Тәуелсіздік көшесінің №№ 1-27 тұрғын үйлері, Орта Еспе көшесінің №№ 1-4 тұрғын үйлері, Несібек-Нұр көшесінің №№ 1-3 тұрғын үйлері, Бас, Қаламқас елді мекендеріндегі, Жерүй қора, Сүйінші қыстауларындағы тұрғын үйлер.

№ 180 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызан ауылы, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы:  Мұрын Жырау көшесінің №№ 1-11 тұрғын үйлері, 3 шағын ауданының №№ 12-41 тұрғын үйлері, 2 шағын ауданының №№ 42-64 тұрғын үйлері, 4 шағын ауданының №№ 83-101, №№ 102-123 тұрғын үйлері, 5 шағын ауданның №№ 65-82 тұрғын үйлері, Досан батыр көшесіндегі №№ 129-157 тұрғын үйлер, 1 шағын ауданының №№ 158-175 тұрғын үйлері, 7 шағын ауданының №№ 182-203, №№ 238-259 тұрғын үйлері, Жиделі Қарабатыр, Қараш, Қамай, Сарытөбе, Тарқолқа, Жанұзақ, Нұрылда, Сарғат, Танас, Айыртөбе, Мадияр, Құдайберген – 1, Құдайберген – 2 қыстауларындағы тұрғын үйлер.

№ 181 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшымырау ауылы, "Тобанияз атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: 1 шағын ауданының №№ 2-29 тұрғын үйлері, 2 шағын ауданының №№ 30-72 тұрғын үйлері, 3 шағын ауданының №№ 73-95 тұрғын үйлері, 4 шағын ауданының №№ 96-136, 193-198 тұрғын үйлері, 5 шағын ауданының №№ 7, 141, 142, 143, 145,146, 149, 152, 161, 164, 168, 183, 184, 192 тұрғын үйлері, 6 шағын ауданының №№ 199, 240 тұрғын үйлері, Айтолыс, Торыат, Құтты, Шаған, Қызық қыстақтарындағы тұрғын үйлер, "Ком-Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кен орны.

№ 182 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жармыш ауылы, "Жармыш орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сүгір көшесінің №№ 1-74 тұрғын үйлері, Жаманқара көшесінің №№ 1-56 тұрғын үйлері, Рахмет көшесінің №№ 1-53, 67,77 тұрғын үйлері, Бердалы көшесінің №№ 1-14, 20,22,23-31, 34-41, 47-48, 54-58, 66,72,74 тұрғын үйлері, Асай көшесінің №№ 1-44, 51, 57-63, 68-69, 73-76, 87, 94 тұрғын үйлері, Батыс шағын ауданының №№ 1-11, 23-34, 37, 47-60, 66, 115-129 тұрғын үйлері, №№ 11, 12, 13 теміржол бекеттерінің, Өреулі елді мекенінің, Аманқызылит, Ауыздыбасты, Жапырақты, Күшікбай, Тамды, Дөңгелек, Сарытұрақ, Қарағанды, Қошқар, Шәкей, Нақбай, Құдайберген, Жетікүп, Нысап, Сердалы, Құбай ұшқан, Құрша, Ұзынкөзе қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 183 сайлау учаскесі

      Орталығы: Онды ауылдық округі, Онды ауылы, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Орталық көшесінің №№ 1-12, 23 тұрғын үйлері, Жастар көшесінің №№ 1-32 тұрғын үйлері, Қызылтам көшесінің №№ 1-19 тұрғын үйлері, М.Өскінбайұлы көшесінің №№ 1-21, 23 тұрғын үйлері, Тоқбай бұлақ көшесінің №№ 1-36 тұрғын үйлері, Қойлан көшесінің №№1-7 тұрғын үйлері, К.Қосжанұлы көшесінің №№ 1-9 тұрғын үйлері, Е.Төлебаев көшесінің №№ 1-11, 13-20, 22-23 тұрғын үйлері, Кез көшесінің №1 тұрғын үйі, Ә.Кекілбайұлы көшесінің №№ 1-3 тұрғын үйлері, Желдімұрын, Өңеже, Ұшан, Онды лагері, Жаңа су, Көрікті, Айыртам, Құмшоқы, Сайком қыстақтарындағы тұрғын үйлер.

№ 184 сайлау учаскесі

      Орталығы: Онды ауылдық округі, Бекі елді мекені, "Бекі бастауыш мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы:  Бекі елді мекенінің №№ 1-57, №№ 59-67 тұрғын үйлері, Басқұдық елді мекенінің №№ 1-10 тұрғын үйлері, Байқасқа, Есената, Жарауыл, Майкөмген, Мақсым, Сәубет, Тасбас, Шұқырой, Көріктітөбе, Желтимес, Таубай, Әйлек, Қандыбас, Гүлшат, Бақыт қора, Жолболай қора қыстақтарындағы тұрғын үйлер.

№ 185 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Ынтымақ көшесінің №№ 1-17 тұрғын үйлері, Солтүстік көшесінің №№ 1-29 тұрғын үйлері, Бақша көшесінің №№ 1-20 тұрғын үйлері, А.Өтепбергенов көшесінің №№ 1-27 тұрғын үйлері, Батыс көшесінің №№ 1-10 тұрғын үйлері, Ұлан көшесінің №№ 1-10 тұрғын үйлері, Жаңа ауыл көшесінің №№ 1-46 тұрғын үйлері, Откорм көшесінің № 1 тұрғын үйі, Ірге ауыл көшесінің №№ 1-15 тұрғын үйлері, Барыс көшесінің №№ 1-16 тұрғын үйлері, Мектеп көшесінің №№ 1-6 тұрғын үйлері, Желтоқсан көшесінінің №№ 1-21 тұрғын үйлері, Жастар көшесінің №№ 1-35 тұрғын үйлері, Жарма, Сазды, Сауысқан елді мекендеріндегі, Жаңаша қыстауындағы тұрғын үйлер.

№ 186 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қаламқас" кенорны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы: "Қаламқас" кенорнындағы "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы ұйымдарының вахта қалашығы.

№ 187 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қаламқас" кенорны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы:  "Қаламқас" кенорнындағы сервистік ұйымдардың және "Қаратұрым" мұнай-газ кен орнының вахта қалашығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады