Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 8143 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қамысты ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0460 гектар жер учаскесіне газ құбырын тарту және пайдалану мақсатында "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Ғ. Тілемісова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады