Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 қарашасы № 313 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қарашада № 8078 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – қызмет алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.".

      3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағымен қарастырылған мерзімде ұсынады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрайымы Г. Балбаева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      ________________ С. Коваленко

      "1" қараша 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады