Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 04.02.2022 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2015 жылғы 13 сәуірдегі № 274 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5578 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған);
2016 жылғы 1 наурыздағы № 357 "Мәслихаттың 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 274 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6257 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 13 сәуірде "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | Қ. Мұқанов |
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Қазиев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Қ. Рахметов
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Д. Тұрсынбаева