Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 168 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 7934 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 245 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 11.09.2019 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Таран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министірлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Таран ауданы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ Б. Баймухаметов

      "Қазақстан Республикасы

      ішкі істер министрлігі

      Қостанай облысы ішкі істер

      Департаментінің Таран аудандық

      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      ________________ М. Сейткулов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 13 маусымдағы
№ 168 қаулысына қосымша

Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

р/с №

Елді мекеннің атауы

Орналасу орны

1

Апановка ауылы

Автобазовская көшесі, № 55 үйдің жанында

2

Асенкритовка ауылы

Аятская көшесі, № 59 үйге қарама-қарсы

3

Береговое ауылы

Московская көшесі, № 34 үйдің жанында

4

Евгеновка ауылы

Центральная көшесі, № 14 үйге қарама-қарсы

5

Елизаветинка ауылы

Майлин көшесі, № 4 үйдің жанында

6

Қайыңдыкөл ауылы

Ленин көшесі, № 1 үйдің жанында

7

Майское ауылы

60 лет Октября және Индустриальная көшелерінің шекарасында, тақ жағы

8

Мақсұт ауылы

Ленин көшесі, № 44 үйдің жанында

9

Новоильиновка ауылы

Школьная көшесі, № 35 үйге қарама-қарсы

10

Приозерное ауылы

Ленин көшесі, № 7 үйдің жанында

11

Таран ауылы

Тәуелсіздік көшесі, № 86 үйдің жанында Таран – Тобыл жолында, ипподром аумағы

12

Тобыл кенті

Станционная көшесі, № 6 үйдің жанында

13

Юбилейное ауылы

Юбилейная көшесі, № 3 үйдің жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады