Красносельск ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 7652 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 бірлескен қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) сәйкес, Таран ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Красносельск ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атаулар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-96 тіркелген, 2009 жылғы 15 қазанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Таран ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран
ауылдық округінің әкімі
А. Ильченко

  Әкімнің
2018 жылғы 12 наурыздағы
№ 4 шешіміне қосымша
  Таран ауылдық
округі әкімінің
2009 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 4 шешімімен бекітілген

Красносельское ауылының құрамдық бөліктерінің атауы

      № 1 көше – Набережная көшесі;

      № 2 көше – Комсомольская көшесі;

      № 3 көше – Красносельская көшесі;

      № 4 көше – Майлина көшесі;

      № 5 көше – Строительная көшесі;

      № 6 көше – Победы көшесі;

      № 7 көше – Таран көшесі;

      № 8 көше – Степная көшесі;

      № 9 көше – Гагарин көшесі;

      № 10 көше – Молодежная көшесі;

      № 11 көше – Зеленая көшесі;

      № 12 көше – Целинная көшесі;

      № 13 көше – Садовая көшесі;

      № 14 көше – Терешкова көшесі;

      № 15 көше – Новая көшесі;

      № 16 көше – Южная көшесі;

      № 17 көше – Северная көшесі;

      № 18 көше – Приречная көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады