Таран ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 10 "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөлектеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 7804 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 бірлескен қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) сәйкес Таран ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Таран ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 10 "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөлектеріне атаулар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-99 тіркелген, 2009 жылғы 12 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Таран ауылдық округі Таран ауылының атаусыз көшелеріне атау берілсін:

      1) № 1 атаусыз көшесіне - 40 лет Победы көшесі;

      2) № 2 атаусыз көшесіне - 50 лет Октября көшесі;

      3) № 3 атаусыз көшесіне - Восточная көшесі;

      4) № 4 атаусыз көшесіне - Жабағы-Батыр көшесі;

      5) № 5 атаусыз көшесіне - Западная көшесі;

      6) № 6 атаусыз көшесіне - Тәуелсіздік көшесі;

      7) № 7 атаусыз көшесіне - Республика көшесі;

      8) № 8 атаусыз көшесіне - Лесопитомник көшесі;

      9) № 9 атаусыз көшесіне - Е. Омаров көшесі;

      10) № 10 атаусыз көшесіне - Мир көшесі;

      11) № 11 атаусыз көшесіне - Набережная көшесі;

      12) № 12 атаусыз көшесіне - Болашақ көшесі;

      13) № 13 атаусыз көшесіне - Е. Өмірзақов көшесі;

      14) № 14 атаусыз көшесіне - Рассвет көшесі;

      15) № 15 атаусыз көшесіне - Садовая көшесі;

      16) № 16 атаусыз көшесіне - Б. Майлина көшесі;

      17) № 17 атаусыз көшесіне - Совхозная көшесі;

      18) № 18 атаусыз көшесіне - Среднее профессионально-техническое училище көшесі;

      19) № 19 атаусыз көшесіне - Степная көшесі;

      20) № 20 атаусыз көшесіне - Строительная көшесі;

      21) № 21 атаусыз көшесіне - Темирбаева көшесі;

      22) № 22 атаусыз көшесіне - Тернопольская көшесі;

      23) № 23 атаусыз көшесіне - Тобольская көшесі;

      24) № 24 атаусыз көшесіне - Целинная көшесі;

      25) № 25 атаусыз көшесіне - Южная көшесі;

      26) № 26 атаусыз көшесіне - Майлин тұйық көшесі.

      27) № 27 атаусыз көшесіне - Новая көшесі;

      28) № 28 атаусыз көшесіне - Школьная көшесі.";

      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Таран ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауылдық округінің әкімі А. Ильченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады