Железин ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы "Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 03 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 6182 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 21.10.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелікон күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағына, Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 8 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 258/24 "Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне және Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 5 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 246/23 "Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешімінің негізінде, Железин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы "Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 02 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 наурызда "Родные просторы" және "Туған өлке" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Железин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы әкімдік шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

      осы шешімнің Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Кашкиров
      " КЕЛІСІЛДІ
      Железин аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы Г. Беркало
      2018 жылғы "20" желтоқсан

  Железин ауданы әкімінің
2018 жылғы "20"
желтоқсандағы № 03 шешіміне
қосымша

Железин ауданы сайлау учаскелерінің тізбесі № 212 сайлау учаскесі

      Алакөл ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Алакөл ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Алакөл ауылы.

№ 213 сайлау учаскесі

      Башмачное ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Башмачное ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Башмачное ауылы.

№ 214 сайлау учаскесі

      Кузьмино ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Кузьмино ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Кузьмино ауылы.

№ 215 сайлау учаскесі

      Береговое ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Береговое ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Береговое ауылы.

№ 216 сайлау учаскесі

      Абай ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Абай жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Абай ауылы.

№ 217 сайлау учаскесі

      Уәлиханов ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Уәлиханов ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Уәлиханов ауылы.

№ 218 сайлау учаскесі

      Веселая роща ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Веселая роща ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Веселая роща ауылы, "Осенний" теміржол тоқтау бекеті.

№ 219 сайлау учаскесі

      Дүйсеке ауылы, Торговая к., № 1-үй, № 1-п. мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй (келісім бойынша) сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Дүйсеке ауылы, "Қожамбай" теміржол тоқтау бекеті.

№ 220 сайлау учаскесі

      Жаңабірлік ауылы, Школьная к., № 3-үй, № 1-п. мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй (келісім бойынша) сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Жаңабірлік ауылы.

№ 221 сайлау учаскесі

      Славяновка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Славяновка ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Славяновка ауылы.

№ 222 сайлау учаскесі

      Еңбекші ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Еңбекші ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Еңбекші ауылы.

№ 223 сайлау учаскесі

      Железинка ауылы, Тәуелсіздік көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Железинка ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Железинка ауылы, Абай, Бабин, Гагарин, Гоголь, Желтоқсан, Тәуелсіздік, Лермонтов, М. Горький, Набережная, Октябрь, Пушкин, Жеңіс, Степная, Торайғыров, Дәрі Асанов көшелері.

№ 224 сайлау учаскесі

      Железинка ауылы, Квитков көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Железинка ауылы № 1 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Железинка ауылы, 70 лет Октября, Әлсейітов, Әуезов, Береговая, Жамбыл, Квитков, Клубная, Жүсіпов, Мира, Некрасов, Рысқұлов, С. Мұқанов, Сәтпаев, Советская, Болат Ракишев, Чехов, Ыбырай Алтынсарин, Трусов, Чкалов, Пионерская көшелері, Зеленая тұйық көшесі.

№ 225 сайлау учаскесі

      Железинка ауылы, Квитков көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Железинка ауылындағы орталық аудандық аурухананың ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Железинка ауылы, Амангелді, Автотранспортная, Дзержинский, Лихачев, Плеханов, Титов, Зерновая, Речная көшелері.

№ 226 сайлау учаскесі

      Аққайың ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Аққайың ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Аққайың ауылы.

№ 227 сайлау учаскесі

      Захаровка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Захаровка ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Захаровка ауылы.

№ 228 сайлау учаскесі

      Моисеевка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Моисеевка ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Моисеевка ауылы.

№ 229 сайлау учаскесі

      Пятерыжск ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Пятерыжск ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Пятерыжск ауылы.

№ 230 сайлау учаскесі

      Церковное ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Церковное ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Церковное ауылы.

№ 231 сайлау учаскесі

      Жаңа жұлдыз ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Жаңа жұлдыз ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Жаңа жұлдыз ауылы.

№ 232 сайлау учаскесі

      Есқара ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Есқара ауылындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Есқара ауылы.

№ 233 сайлау учаскесі

      Екішоқ ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Екішоқ ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Екішоқ ауылы.

№ 234 сайлау учаскесі

      Михайловка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Михайловка ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Михайловка ауылы.

 № 235 сайлау учаскесі

      Петропавловка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Петропавловка ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Петропавловка ауылы.

№ 236 сайлау учаскесі

      Красновка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Красновка ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Красновка ауылы, "Қызыл тұз" теміржол тоқтау бекеті.

№ 237 сайлау учаскесі

      Мыңкөл ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Мыңкөл ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Мыңкөл ауылы.

№ 238 сайлау учаскесі

      Озерное ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Озерное ауылындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Озерное ауылы.

№ 241 сайлау учаскесі

      Лесное ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Лесное ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Лесное ауылы.

№ 242 сайлау учаскесі

      Крупское ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Крупское ауылындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Крупское ауылы.

№ 243 сайлау учаскесі

      Раздельное ауылы, Раздельная к., № 40-құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Раздельное ауылы, "Үрлітүб" теміржол тоқтау бекеті.

№ 245 сайлау учаскесі

      Прииртышское ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Прииртышское ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Прииртышское ауылы.

№ 246 сайлау учаскесі

      Үрлітүб ауылы мекенжайы бойынша орналасқан медициналық пунктінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Үрлітүб ауылы.

№ 248 сайлау учаскесі

      Груздевка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Груздевка ауылындағы бастауыш мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Груздевка ауылы, "Тұрсымбай" теміржол тоқтау бекеті.

№ 249 сайлау учаскесі

      Ақтау ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Ақтау жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақтау ауылы.

№ 250 сайлау учаскесі

      Жолтаптық ауылы мекенжайы бойынша орналасқан Жолтаптық жалпы білім беретін негізгі мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Жолтаптық ауылы.

№ 251 сайлау учаскесі

      Железинка ауылы, Жеңіс көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Железинка ауылындағы № 2 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты сайлау учаскесінің орталығы болып белгіленсін.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Железинка ауылы, Бебель, Достоевский, Космонавттар, М. Мәметова, Маяковский, Новоселов, Толстой, Тургенев, Ш. Уәлиханов, Энергетик, Байзақов, Герцен, Заводская, Киров, Комаров, Ледовской, Луговая, Әлия Молдағұлова, Сейфуллин, Чернышевский, Еңбек көшелері, Киров тұйық көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады