Лебяжі аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 145/24 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 5946 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 206/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 19.06.2019 № 206/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лебяжі аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4452 тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      11-тармақтағы 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "осы Қағиданың 9-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға қатты отын сатып алу үшін жан басына шаққандығы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын 5 АЕК көлемінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, тиісті медициналық бөлімшелерден мүгедектігін растайтын анықтама, үлгілі қағидамен бекітілген нысаны бойынша тұлғаның (отбасының) құрамы, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Есімов
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Мүсінова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады