Май ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 6128 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына сәйкес, Май ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

      1. Май ауданының аумағында сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.

      2. Май ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 6 "Май ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4828 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 желтоқсанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май ауданының әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Қаңтарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Май ауданының
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрайымы А. Дүйсенбаева
      2018 жылғы "13" қараша

  Май ауданы әкімінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 4 шешіміне
қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 26.12.2022 № 6 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

№ 352 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Ақшиман ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ақшиман негізгі орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақшиман ауылдық округінің Ақшиман ауылының аумағы.

№ 353 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Ақжар ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ақжар жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақжар ауылының аумағы.

№ 354 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Май ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Май жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Май ауылдық округінің Май, Еңбекші ауылдарының аумақтары.

№ 356 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Майтүбек ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Майтүбек ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Майтүбек ауылының аумағы.

№ 357 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Қызылеңбек ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Қазақстан негізгі орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан ауылдық округінің Қызылеңбек ауылының аумағы.

№ 358 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Жұмыскер ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Жұмыскер ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан ауылдық округінің Жұмыскер ауылының аумағы.

№ 359 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Абай ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Аудандық оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның "Байтерек" балалар жасөспірімдер клубының ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты ауылдық округінің Абай ауылының аумағы.

№ 360 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Саты ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Саты негізгі орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты ауылдық округінің Саты ауылының аумағы.

№ 361 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Малайсары ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Малайсары ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Малайсары ауылдық округінің Малайсары ауылының, ферма 1, ферма 2 аумақтары.

№ 363 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Кеңтүбек ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Кеңтүбек ауылдық округінің Кеңтүбек ауылының, ферма 1, ферма 3 аумақтары.

№ 365 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет ойын-сауық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының: Нұрлыбек Баймұратов 11/1, 14, 15/1, 16, 17/1, 19, 19/2, 20, 21, 22, 23, 25, 27, 29, 33, Шоқан Уәлиханов 7, 8, 10, 12, 14, 17, 19, 20, 21, 22, Жамсап Байғұрманов (толық), Мұхтар Әуезов 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 19, 20, 21, 22, 22/1, Қаныш Сәтпаев 22, 23, 24, 25, 26, 27, 29, 30, 32, 33, 34, 34/1, 35, 36, 37, 39, 41, 42, 43, 45, 47, 49, 51, 52, 53, 54, 56, 56а, 57, 58, Әлия Молдағұлова (толық), Әліби Жанкелдин (толық), Аманкелді Иманов (толық), Евней Букетов (толық), Панфилов (толық), Уақап Сыздықов (толық) көшелері.

№ 368 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Баскөл ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Баскөл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Баскөл ауылдық округінің Баскөл, Бозша, Жаңатілек ауылдарының аумақтары.

№ 372 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратерек ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Қаратерек жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратерек ауылдық округінің Қаратерек, Хасен Сейтқазин ауылдарының аумақтары.

№ 375 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Аудандық оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының: Жеңістің 40 жылдығы (толық), Байғабыл Жылқыбаев (толық), Баки Басар (толық), Бастем Хазірет (толық), Мәншүк Мәметова (толық), Абылайхан 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, Әйтеке би 1, 5, 7, 8, 9, 10, 11, 13/1, Абай 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, Төле би 1, 2, 4, 6, 7, 8, 9, 10 ,11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 20, 21, 22, 24, 24а, Бейбітшілік 1, 1а, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, Ғани Мұратбаев 3, 4, 8, 8/1, 10, 11, 12, 13, 13/1, 13/2, 14, 15/1, 15/2 көшелері.

№ 592 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының: Ахмет Байтұрсынов (толық), Олжас Сүлейменов (толық), Сұлтанмахмұт Торайғыров 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 31, 33, 35, 37а, 39, 41, 43, 44, 45, 47, 49, 51, 53, 55, Абылайхан 37, 37/1, 41, 45, 46, 47, 48, 50, 53, 55, 57, 59, 61, 63, 65, Әйтеке би 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 37, 45, Абай 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 45, 47, 49, Төле би 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 45/1, 45а, 46, 47, 47а, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 58, Бейбітшілік 15, 16, 17, 18/1, 19, 20, 21, 22, 22а, 23, 24, 25, 25/1, 26, 27, 41 көшелері; Көктүбек ауылдық округінің Белогорский ХПП ауылының аумағы.

№ 593 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының: Нұрлыбек Баймұратов 3, 9, 11, 13, 15, 17, 19/1, Шоқан Уәлиханов 2, 2/1, 3, 4, 4/1, 6, Мұхтар Әуезов 1, 2, 3, 4, 5, Қаныш Сәтпаев 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 12/1, 13, 14, 15, 15а, 16, 17, 19, Сұлтанмахмұт Торайғыров 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 16, 17, Абылайхан 9, 11, 13, 15, 19, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 27/2, 28, 29, 30, Ғани Мұратбаев 2, 5/1, 7, Асқар Әбдірайымов (толық), Желтоқсан (толық), Қанаш Қамзин (толық), Ерсін Мұқашев (толық), Сәкен Сейфуллин (толық), Көктөбе станциясы (толық), Ветстанция (толық), Қазыбек би (толық) көшелері; Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылының Бестау учаскесі; Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылының Жалғыз Ағаш учаскесі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады