Май ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 желтоқсанда № 4828 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 29.11.2018 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 33-бабына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Май ауданының аумағында сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Сейітқазин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Май ауданының
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы А. Дүйсенбаева
      2015 жылғы "13" қараша

  Май ауданы әкімінің
2015 жылғы "13" қарашадағы
№ 6 шешіміне
қосымша

№ 352 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Ақшиман ауылы, Ақшиман жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақшиман селолық округінің Ақшиман ауылының аумағы.

№ 353 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Ақжар ауылы, Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақжар ауылының аумағы.

№ 354 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Май ауылы, Май жалпы орта білім беру мектебінінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Май селолық округінің Май және Еңбекші ауылдарының аумақтары.

№ 355 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратерек ауылы, Қаратерек ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратерек селолық округінің Қаратерек ауылы, Бауржан Момышұлы, Нұрлыбек Баймұратов, Абай Құнанбаев көшелері, Қаратерек селолық округінің Х. Сейтқазин және Тіктоғай ауылдарының аумақтары.

№ 356 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Майтүбек ауылы, Майтүбек жалпы орта білім беру мектебінінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Майтүбек ауылының аумағы.

№ 357 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Қызылеңбек ауылы, Қазақстан жалпы орта мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан селолық округінің Қызылеңбек ауылының аумағы.

№ 358 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Жұмыскер ауылы, Жұмыскер ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан селолық округінің Жұмыскер ауылының аумағы.

№ 359 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Абай ауылы, Абай ауылының бастауыш мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты селолық округінің Абай ауылының аумағы.

№ 360 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Саты ауылы, Саты жалпы орта білім беру мектебінінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты селолық округінің Саты ауылының аумағы.

№ 361 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Малайсары ауылы, Малайсары жалпы орта білім беру мектебінінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Малайсары селолық округінің Малайсары ауылы, Абай, Әйніш Арынова, Әлия Молдағұлова, Амангелді Иманов, Достық, Мәншүк Маметова көшелері; Малайсары селолық округінің Ақсарай және Жанасарай ауылдарының аумағы.

№ 362 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Малайсары ауылы, Малайсары ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Малайсары селолық округінің Малайсары ауылы, Бауржан Момышұлы, Тоқтар Әубакіров көшелері.

№ 363 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Кеңтүбек ауылы, Кеңтүбек жалпы орта білім беру мектебінінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Кеңтүбек селолық округінің Кеңтүбек ауылы, Абай, Жамсап Қорабаев, Ыбырай Алтынсарин, Қаныш Сатпаев, Комсомол, Ленин, Целинная, 30 лет Совхоза көшелері; Кеңтүбек селолық округінің Қарабұлақ және Жалтыр ауылдарының аумағы.

№ 364 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Кеңтүбек ауылы, Кеңтүбек ауылдық балалар жасөспірім спорт мектеп филиалының ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Кеңтүбек селолық округінің Кеңтүбек ауылы, Мира, 40 лет Победы көшелері.

№ 365 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Аудандық мәдениет үйінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек селолық округінің Көктөбе ауылы, Қаныш Сатпаев, Набережная, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Уақап Сыздықов, Ветстанция, Көктөбе станциясы, Қанаш Камзин, Қазбек би көшесі; Көктүбек селолық округі Көктөбе ауылының Бестау учаскесі.

№ 366 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Шыған ауылы, Шыған ауылының фельдшерлік-акушерлық пунктының ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек селолық округінің Шыған ауылының аумағы.

№ 367 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Бозша ауылы, Бозша ауылының бастауыш мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Баскөл селолық округінің Бозша ауылының аумағы.

№ 368 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Баскөл ауылы, Баскөл ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Баскөл селолық округінің Баскөл ауылының аумағы.

№ 369 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Жаңатлек ауылы, Жаңатлек бастауыш мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Баскөл селолық округінің Жаңатлек ауылының аумағы.

№ 370 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Е. Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек селолық округінің Көктөбе ауылы, Абай, Речная, Шоқан Валиханов, Мәншүк Маметова, Ерсін Мұқашев, Асқар Әбдраимов, Желтоқсан, Сәкен Сейфуллин, Байғабыл Жылкыбаев көшелері.

№ 372 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратерек ауылы, Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратерек селолық округінің Қаратерек ауылы, Жамбыл Жабаев, Қаныш Сатбаев, Мәншүк Маметова, Мұхтар Адамжанов көшелері.

№ 374 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек селолық округінің Көктөбе ауылы, 40 лет Победы, Бастем Хазрет, Ғани Мұратбаев, Әлия Молдағұлова, Амангелді Иманов, Панфилов, Мұхтар Әуэзов, Жамсап Байғұрманов, Нұрлыбек Баймұратов, Әліби Жангельдин, Евнея Букетова, Олжас Сүлейменов көшелері.

№ 375 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Аудандық оқушылар үйінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек селолық округінің Көктөбе ауылы, Абылайхан, Төле би, Әйтеке би, Баки Басар көшелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады