Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қазандағы "Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің кейбір елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 1-03-04 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 шілдеде № 6019 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 2-36/79 ұсынысы негізінде Чернорецк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі-қара мал бруцеллезі ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің келесі елді мекендері аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:

      Қаракөл ауылы, "Лидер" қарапайым серіктестігі нысанындағы фермерлік шаруашылығы аумағында, жер учаскесінің кадастрлік нөмірі 14-211-014-084;

      Чернорецк ауылы - 1 Май, Тургенев, Ленин, 40 лет Победы көшелері;

      Пресное ауылы - Молодежный, Жамбыл, Победа, Сәтпаев көшелері.

      2. Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қазандағы "Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің кейбір елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5653 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 31 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Чернорецк ауылдық округінің әкімі С. Омаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Павлодар аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Ж.Ж. Курмангазин
      _______________
      2018 жылғы "9" шілде
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы А. Тлеуленов
      _______________
      2018 жылғы "9" шілде
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасының денсаулық
      сақтау Министрлігінің Қоғамдық
      денсаулық сақтау комитетінің Павлодар
      облысы Қоғамдық денсаулық
      сақтау департаментінің Павлодар аудандық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы С. Султангалиев
      _______________
      2018 жылғы "9" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады