Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің келесі елді мекендері аумағында жылқы ринопневмония ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:
Набережное ауылы, "Андас" шаруа қожалығының кадастрлік нөмірі 14-211-051-002 жер учаскесі;
Набережное ауылы, Целинная көшесі 28 үй, Рудь В. В. жеке қосалқы шаруашылығы;
Жаңа қала ауылы, Центральная көшесі 38 үй, Арынгазинов К. Т. жеке қосалқы шаруашылығы.
2. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 маусымдағы "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің кейбір елді мекендері аумағында жылқы ринопневмония ауруы бойынша шектеулі іс-шаралар белгілеу туралы" № 1-04-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5998 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 29 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Григорьевка ауылдық округінің әкімі | В. Бруцкий |