Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 569 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 - бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 5 - тармағына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIV сессиясының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 178 "Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1436 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXX сессиясының төрағасы |
Б. Садықов |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты кезектен тыс XXX сессиясының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 243 шешімімен бекітілген |
2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су
ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары
Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер, (теңге/ 1000 текше м.) | Өнеркәсіп, жылу энергетика-сын қоса есептегенде, (теңге/ 1000 текше м.) | Ауыл шаруашы-лығы (теңге/ 1000 текше м.) | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары, (теңге/ 1000 текше м.) | Су энергетика, (теңге/1000 кВт. сағат) | Су көлігі, (теңге/ 1000 т. шақы-рым) |
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні |
|
|
|
|
|
|