Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 6 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Үлгі селосы көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қазанда № 4908 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Ивановка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 6 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Үлгі селосы көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1903 тіркелген, 2012 жылғы 18 қазанда "Колос", "Аққайың" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ивановка ауылдық округінің
әкімі
А. Роман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады