Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Үлгі ауылы көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 қазанда N 1903 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 12.09.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Үлгі ауылы тұрғындардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Үлгі ауылы көшелеріне атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Н. Журов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы О. Плищенко
      2012 жыл 6 қыркүйек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың ауданының құрылыс бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шабаев
      2012 жыл 6 қыркүйек

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектеғі № 6 шешіміне қосымша

Үлгі ауылы көшелерінің атауы

      1) № 1 көше - Бірінші;

      2) № 2 көше - Екінші;

      3) № 3 көше - Үшінші;

      4) № 4 көше - Төртінші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады