Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 28.06.2024 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжар ауданының әкімі | Е.Мадияров |
"КЕЛIСIЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі мемлекеттік кірістер
комитеті Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің Ақжар
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________Ж.Сагатов
2018 жылғы "24" желтоқсан
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы ___ "__________" №___ қаулысына қосымша |
Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Ақжар ауданы бойынша | ||
Елді мекендердің салық салу объектілері | Аймаққа бөлу коэффициенттері | |
Талшық ауылдық округі, зоналар бойынша: | ||
1 | I | 1,95 |
2 | II | 1,85 |
3 | III | 1,95 |
4 | IV-1 | 1,25 |
5 | V-1 | 1,25 |
6 | V-2 | 1,25 |
Айсары ауылдық округі | ||
7 | Айсары ауылы | 1,60 |
Ақжарқын ауылдық округі | ||
8 | Ақжарқын ауылы | 1,65 |
9 | Ащыкөл ауылы | 1,55 |
Алқатерек ауылдық округі | ||
10 | Алқатерек ауылы | 1,65 |
Восход ауылдық округі | ||
11 | Ақсай ауылы | 1,25 |
12 | Восход ауылы | 1,75 |
Кенащы ауылдық округі | ||
13 | Байтөс ауылы | 1,70 |
14 | Кенащы ауылы | 1,55 |
Кішіқарой ауылдық округі | ||
15 | Бостандық ауылы | 1,65 |
16 | Киев ауылы | 1,45 |
Қулыкөл ауылдық округі | ||
17 | Қарашілік ауылы | 1,80 |
18 | Құлыкөл ауылы | 1,90 |
Ленинград ауылдық округі | ||
19 | Дәуіт ауылы | 1,70 |
20 | Қызылту ауылы | 1,70 |
21 | Ленинград ауылы | 1,70 |
Май ауылдық округі | ||
22 | Май ауылы | 1,75 |
Новосел ауылдық округі | ||
23 | Горький ауылы | 1,50 |
24 | Новосел ауылы | 1,60 |
Ұялы ауылдық округі | ||
25 | Ақсары ауылы | 1,30 |
26 | Ұялы ауылы | 1,60 |
Талшық ауылдық округі | ||
27 | Қазан ауылы | 1,75 |
28 | Тұғыржап ауылы | 1,65 |
29 | Үлгілі ауылы | 1,70 |