Жер салығының мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 мамырда № 4700 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 510-бабының1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мəслихатының 19.03.2020 № 37-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2022 № 13-4 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдермен.
      1. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мəслихатының 30.03.2022 № 13-4 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

     

      2. Кодекстің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің елу пайызына жер салығының мөлшерлемелері жоғарылатылсын.

      Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 15.04.2021 № 4-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихат сессиясының төрағасы
А. Лунин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т. Әбілмәжінов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Жер салығының ставкалары туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 13-9-111 болып тіркелді, 2010 жылғы 22 қаңтарда "Мағжан жұлдызы", "Вести" газеттерінде жарияланды).

      2. "Жер салығының ставкалары туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 36-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3190 болып тіркелді, 2015 жылғы 10 сәуірде "Мағжан жұлдызы", "Вести" газеттерінде жарияланды).

      3. "Жер салығының ставкалары туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 26 мамырдағы № 39-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 маусымда № 3283 болып тіркелді, 2015 жылғы 26 маусымда "Мағжан жұлдызы", "Вести" газеттерінде жарияланды).

      4. "Жер салығының ставкалары туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 16 наурыздағы № 48-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 сәуірде № 3722 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 сәуірде "Мағжан жұлдызы", "Вести" газеттерінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады