Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 "Жер салығының ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 4-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 7325 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4700 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Кодекстің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің елу пайызына жер салығының мөлшерлемелері жоғарылатылсын.

      Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Ж. Хайдарова
      Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т. Абильмажинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады