Байланыс формасы

Атырау облысы Атырау қаласының кейбір ауылдық округтері мен ауылдарын тарату туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 54 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 196-VI бірлескен шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 4096 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27 және 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Атырау қаласы өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған облыстық мәслихат кезекті XXІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысы Атырау қаласының Ақжайық, Водниково, Құрсай, Көкарна ауылдарымен Балықшы ауылдық округі және Жұмыскер, Рембаза ауылдарымен Жұмыскер ауылдық округі таратылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихаттың депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      Сессия төрағасы А. Талтенов
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады