Атырау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 224-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 шілдеде № 4194 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 587 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, VI шақырылған облыстық мәслихат кезекті XXIІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаттың экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е. Ихсанов) жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Юсупов
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

  Атырау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 20 маусымдағы № 224-VI шешіміне 1-қосымша

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 21.06.2019 № 331-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


р/с

Жанама орман пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкасы, теңге

1

Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:



1.1.

Жақсы

га

3344

1.2

Қанағаттанарлық

га

2508

1.3

Нашар

га

1950

2

Мал жайылымы, соның ішінде ауылшаруашылығы жануарларының топтары бойынша бір мал басының жайылымы



2.1

Түйе

бас

1950

2.2

Ірі қара мал, жылқы

бас

1560

2.3

Ірі қара малдың төлі, есек

бас

780

2.4

Ешкі

бас

1365

2.5

Қой

бас

390

3

Көкініс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру

га

Салық заңнамасымен айқындалған жер салықтарының деңгейінде

     

  Атырау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 20 маусымдағы № 224-VI шешіміне 2-қосымша

Аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорт мақсаттарының қажеттілігі үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдаланудың төлем ставкалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 21.06.2019 № 331-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


р/с

Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкасы, теңге

Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

га

9627

2

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

га

1393

3

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

га

2787

Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

күнге

0,1 АЕК

5

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

күнге

0,1 АЕК


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады