1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаттың экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е. Ихсанов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Әбдешев |
Мәслихат хатшысы | Ө. Зинуллин |
Атырау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 27 тамыздағы №242-VI шешіміне қосымша |
Каспий теңізінің және Жайық, Қиғаш, Ойыл, Сағыз, Ембі өзендерінің бассейндерінің жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері
№п/п | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлем ставкалары |
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метрі | 143 |
2 | Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп (өндірістік қажеттіліктер) | теңге/1000 текше метрі | 817,0 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метрі | 115,1 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метрі | 111,3 |
5 | Су көлігі | теңге/1000 текше километрі | 27,8 |