Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 29.05.2020 № 46-12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабы 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ү. Жақашев).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың XХIХ cессиясының төрағасы |
А. Мұқанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Кенғанов |
Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы "__ " _____________ №___ шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
Рет саны | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 6 |
7 | Жылыой ауданында орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункті | 25 |