Құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 120 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 4305 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысына сәйкес Есбол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер ауданы Есбол ауылдық округінің Есбол ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      1) И.Тайманов орамына – "Достық" атауы;

      2) Маринка көшесіне – "Ақжар" атауы;

      3) Меңдібай көшесіне – "Бейбітшілік" атауы.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Сабиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады