Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 221 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 4197 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 67 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 08.04.2024 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (Н. Қалиев) жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Хасанов
      "Келісім бойынша"
Құрманғазы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
"27" маусым 2018 жыл
А. Изжанов

  Аудан әкімдігінің 2018 жылғы "27" маусым № 221 қаулысына қосымша

Құрманғазы ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 23.06.2023 № 163 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

р/с

Ауылдық округтер атаулары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Асан ауылдық округі

Асан ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

2

Азғыр ауылдық округі

Балқұдық ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балқұдық ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

3

Сүйіндік ауылдық округі

Сүйіндік ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

4

Бірлік ауылдық округі

Бірлік ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

5

Сафон ауылдық округі

Сафон ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сафон ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

6

Кудряшов ауылдық округі

Кудряшов ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кудряшов ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

7

Бөкейхан ауылдық округі

Бөкейхан ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Байда ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

8

Шортанбай ауылдық округі

Шортанбай ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шортанбай ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

9

Көптоғай ауылдық округі

Көптоғай ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

10

Дыңғызыл ауылдық округі

Жыланды ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Д.Нұрпеисова атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

11

Қиғаш ауылдық округі

Қиғаш ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қиғаш ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

12

Ақкөл ауылдық округі

Ақкөл ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақкөл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

13

Жаңаталап ауылдық округі

Хиуаз ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

14

Нұржау ауылдық округі

Нұржау ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұржау ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

15

Орлы ауылдық округі

Орлы ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Калинин ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

16

Теңіз ауылдық округі

Теңіз ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

17

Еңбекші ауылдық округі

Жұмекен ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еңбекші ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

18

Мақаш ауылдық округі

Алға ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Морской ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

19

Құрманғазы ауылдық округі

Құрманғазы ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет Үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады