Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 67 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 сәуірде № 5172-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 221 "Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4197 болып тіркелген) және 2023 жылғы 23 маусымдағы № 163 "Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 221 "Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5047-06 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Құрманғазы аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 8 сәуірдегі
№ 67 қаулысына қосымша

Құрманғазы ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

р/с

Ауылдық округтер атаулары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Асан ауылдық округі

Асан ауылы, "Атырау облысы білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

2

Азғыр ауылдық округі

Балқұдық ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балқұдық ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

3

Сүйіндік ауылдық округі

Сүйіндік ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

4

Бірлік ауылдық округі

Бірлік ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

5

Сафон ауылдық округі

Сафон ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сафон ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

6

Кудряшов ауылдық округі

Кудряшов ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кудряшов ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

7

Бөкейхан ауылдық округі

Бөкейхан ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Байда ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

8

Шортанбай ауылдық округі

Шортанбай ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шортанбай ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

9

Көптоғай ауылдық округі

Көптоғай ауылы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

10

Дыңғызыл ауылдық округі

Жыланды ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанындағы стенд

11

Қиғаш ауылдық округі

Қиғаш ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қиғаш ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

12

Ақкөл ауылдық округі

Ақкөл ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақкөл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

13

Жаңаталап ауылдық округі

Хиуаз ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

14

Нұржау ауылдық округі

Нұржау ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұржау ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

15

Орлы ауылдық округі

Орлы ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өнерпаз ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

16

Теңіз ауылдық округі

Теңіз ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

17

Еңбекші ауылдық округі

Жұмекен ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еңбекші ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

18

Мақаш ауылдық округі

Алға ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шабыт ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

19

Құрманғазы ауылдық округі

Құрманғазы ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады