Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 516 "Құрманғазы ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 308 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қазанда № 4259 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 09.12.2020 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 516 "Құрманғазы ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4008 болып тіркелген, 2017 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:

      "Ганюшкин" сөзі "Құрманғазы" сөзімен;

      "Дәшін" сөзі "Хиуаз" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Бектемиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады