Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/238-6с шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 15 маусымда № 4632 болып тiркелдi. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/627-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 14.09.2020 № 69/627-6с шешiмiмен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымындағы № 37/257-5с шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2736 нөмірімен тіркелген) Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 504, 505, 506 баптармен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері:

      жоғарылатылсын:

      1,2,4,5,6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына орналасқан жерлерді қоспағанда 50 пайызға;

      7 аймақта автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына орналасқан жерлерді қоспағанда 40 пайызға.

      3,8,9,10 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына орналасқан жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505 және 503 баптарына сәйкес белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері қалдырылсын.

      2. Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қырқүйектегі № 50/388-5с "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3386 тіркелген 2015 жылғы 06 қарашадағы "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Х.Ахматханов
      Қалалық мәслихат
      хатшысы Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады