Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 13 наурыздағы № 69 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 28 наурызда № 4483 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бәйдібек ауданы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулы Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.Темірге жүктелсін.

      Аудан әкімі Б.Танагузов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "13" наурыздағы
№ 69 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын жұмыстардың тізбесі

Атауы

1

Жұмыстар

1.1

Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) (жобалау–сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда).

1.2

Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы (жобалау–сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда).

1.3

Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асатын бар нысандарды реконструкциялау (жобалау–сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады