Бәйдібек ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 03 "Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмiнiң 2018 жылғы 26 қазандағы № 22 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 6 қарашада № 4773 болып тiркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8-тармағына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Бәйдібек ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 03 "Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4438 тіркелген, 2018 жылғы 10 ақпанында "Шаян" газетінде және 2018 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Ресупликасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Бәйдібек ауданы әкімдігінің инернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі Б.Танагузов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады