Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 23.11.2018 № 159 қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6 тармағының бірінші абзацына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13285 тіркелген) Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 392 "Қазығұрт ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4277 болып тіркелген, 2017 жылы 8 желтоқсандағы "Қазығұрт тынысы" газетінде және 2017 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Қазығұрт ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6 тармағының бірінші абзацына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13285 тіркелген) Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қазығұрт ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасындағы "есепке" деген сөз "ескеретін" деген сөздермен ауыстырылып, "алынатын" деген сөз алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулының Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Ә.Қалымбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Т.Телғараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазығұрт ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Қ.Т. Құдияров
"27" наурыз 2018 жыл
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 96 қаулысына қосымша |
Қазығұрт ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Ауыл округінің атауы | Елді мекеннің атауы | Аймаққа бөлу коэффиценті |
1 | Қазығұрт | Қазығұрт | 1,85 |
2 | Молбұлақ | 1,40 | |
3 | Кезеңбұлақ | 1,55 | |
4 | Ащыбұлақ | 1,55 | |
5 | Шарбұлақ | Шарбұлақ | 1,85 |
6 | Ақбастау | 1,50 | |
7 | Тұрбат | Тұрбат | 1,85 |
8 | Қызылдихан | 1,65 | |
9 | Еңбек | 1,75 | |
10 | Өндіріс | 1,55 | |
11 | Сабыр Рақымов | Майбұлақ | 1,45 |
12 | Көкібел | 1,65 | |
13 | Қызылата | 1,45 | |
14 | Жігерген | Тесіктөбе | 1,60 |
15 | Қызылбұлақ | 1,35 | |
16 | Айнатас | 1,50 | |
17 | Өгем | 0,05 | |
18 | Жігерген | 1,80 | |
19 | Шақпақ | 1,40 | |
20 | Алтынтөбе | Қаржан | 1,75 |
21 | Алтынтөбе | 1,65 | |
22 | Қосағаш | 1,65 | |
23 | Аққұм | 1,40 | |
24 | Қарабау | 1,05 | |
25 | Лесхоз | 1,00 | |
26 | Жаңабазар | Қарабастау | 1,60 |
27 | Жаңабазар | 1,85 | |
28 | Жылыбұлақ | 1,75 | |
29 | Үлгілі | 1,55 | |
30 | Қожамберді (Каз ССР 20 жыл) | 1,55 | |
31 | Жаңаталап | 1,40 | |
32 | Жеңіс | 1,30 | |
33 | Тілектес | 1,45 | |
34 | Бейнеткеш (Жаңожол) | 1,35 | |
35 | Қарабау | Қарабау | 1,65 |
36 | Жұмысшы | 1,50 | |
37 | Үшбұлақ | 1,65 | |
38 | Сынтас (Жаңатұрмыс) | 1,85 | |
39 | Шарапхана | Шарапхана | 1,85 |
40 | Жіңішке | 1,55 | |
41 | Бақабұлақ | 1,45 | |
42 | Майлыошақ | 1,40 | |
43 | Махамбет Өтемісұлы | 1,65 | |
44 | Талдыбұлақ | 1,40 | |
45 | Қарақозы Әбдәлиев | Атбұлақ | 1,75 |
46 | Рабат | 1,85 | |
47 | Амангелді | 1,55 | |
48 | Еңбекші | 1,45 | |
49 | Жаңаталап | 1,30 | |
50 | Қыдыр Мамбет (Казыгурт ) | 1,75 | |
51 | Қызылдала | 1,45 | |
52 | Қақпақ | Қақпақ | 1,75 |
53 | Сырлысай | 1,20 | |
54 | Заңғар | 1,30 | |
55 | Қызылқия | Қызылқия | 1,85 |
56 | Айнатас | 1,65 | |
57 | Ынталы | 1,75 | |
58 | Қызылсеңгір | 1,50 | |
59 | Тұғыртас | 1,30 | |
60 | Шанақ | Шанақ | 1,65 |
61 | Ақжар (Абай) | 1,35 | |
62 | Ескі Шанақ | 1,30 | |
63 | станция Шанақ | 1,30 | |
64 | Ызабұлақ | 1,30 |