Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 56/3-06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 503 бабына, 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 1, 3 тармақтарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есе арттырылсын.
2. "Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А.Нұранов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С.Сейсенбаев |