2019 жылға Шардара ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 26 қарашадағы № 543 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 4827 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 6 мамырдағы № 171 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 06.05.2019 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6 тармағының бірінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13285 тіркелген) Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға Шардара ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шардара ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы К. Жолдыбай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Шардара ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ С.Жасұзақов

      "26" қараша 2018 жыл

  Шардара ауданы әкімдігінің
"26" қараша 2018 жылғы
№ 543 қаулысына қосымша

Шардара ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуы есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті

Кент, ауылдық округінің аталуы

Елді мекеннің аталуы

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Қ.Тұрысбеков

Шардара

1,75

2

Қоссейіт

Қоссейіт

1,85

3

Көксу

Көксу

1,85

4

Сырдария

1,75

5

Ұзын ата

Ұзын ата

1,95

6

Алатау батыр

Қазақстан

1,95

7

Қызылқұм

Қызылқұм

1,75

8

Сүткент

Сүткент

1,75

9

Ақшеңгелді

Ақалтын

1,75

10

Егізқұм

1,75

11

Достық

Достық

1,75

12

Жаушықұм

Жаушықұм

1,75

13

Шардара қаласы

Шардара қаласы

1,9

14

1-Мөлтек ауданы

1,9

15

2-Мөлтек ауданы

1,9

16

Төменгі тоғай

1,9

17

Сол жағалау

1,85


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады