"Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/216-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 мамырда № 5630 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Головатюк

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/216-VІ шешіміне
қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері


     

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері,* теңге

1

2

3

4

Ертіс өзені бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

106,5

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

305,9

3

Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

86,2

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

86,2

5

Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

32,2

6

Су көлігі

теңге /1000 т. км

11,8

Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні

7

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

98

8

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

270,4

9

Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

77,7

10

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

74,4

11

Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

28,7

12

Су көлігі

теңге /1000 т. км

8,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады