Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха, Ұлан аудандарының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 82 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/222-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 мамырда № 5631 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Бородулиха ауданының елді мекендері мен елді мекендердің көшелерін қайта атау туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 17-9 шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 235 қаулысы, "Ұлан ауданы "17 километр" ауылын қайта атау туралы" Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 160 шешімі және Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 4 қаулысы негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 2 наурыздағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері:

      Бородулиха ауданы бойынша:

      Степное ауылдық округінің Вознесеновка ауылы Қызылтай ауылы;

      Новошульба ауылдық округінің Пролетарка ауылы Ақши ауылы;

      Ұлан ауданы бойынша:

      Алмасай ауылдық округінің 17 километр ауылы Сарыөзек ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихат хатшысы В. Головатюк
      Облыс әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады