Карантин тоқтату және "Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Мостик ауылында карантин белгілеу туралы" Долон ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 3 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 наурызда № 5533 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабы 2 - тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушысының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 12 хаты негізінде, Долон ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың қарасан ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс - шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Мостик ауылында карантин тоқтатылсын.

      2. "Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Мостик ауылында карантин белгілеу туралы" Долон ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 14 желтоқсандағы № 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тізілімінде 5366 нөмірмен тіркелген, 2018 жылғы 10 қаңтарда "Бесқарағай тынысы" аудандық газетінде және 2018 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Долон ауылдық округі әкімі Н. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады