Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 54 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 5538 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 74 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 04.03.2019 № 74 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4 - тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 43 "Бородулиха ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4949 тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2017 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының; Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 181 ""Бородулиха ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліменде № 5275 тіркелген, 2017 жылғы 24 қарашада "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2017 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімі Г. Акулов

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2018 жылғы " 27 " ақпандағы
54 қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 01.10.2018 № 205 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Ұйымның атауы

Тәрбиеленушілер саны (адам)

Айына бір әрбиеленушіге кететін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, теңге

Бір айдағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Барлығы

Оның ішінде:

Оның ішінде:

Толық күн келу

Жарты күн келу

Толық күн келу

Жарты күн келу

1.

"Коростели орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25

-

21023

-

9800

2.

"Краснопол орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

50

-

18533

-

9800

3.

"Комаров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25

-

13457

-

9800

4.

"Новопокровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25

-

20440

-

9800

5.

"Камышенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25

-

18447

-

9800

6.

"Переменовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25

-

27583

-

9800

7.

"Жерновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25

-

16547

-

9800

8.

"Жалпы білім беретін Михайличенково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

50

-

24428

-

9800

9.

"Киров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25

-

17187

-

9800

10.

"Песчанка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25

-

20600

-

9800

11.

"Красный Яр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25

-

22437

-

9800

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2018 жылғы " 27 " ақпандағы
54 қаулысына 2 қосымша

Ата – ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 01.10.2018 № 205 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "24" желтоқсан
№ 266 қаулысына 2 - қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 24.12.2018 № 266 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

    

Ұйымның атауы

Тәрбиеленушілер саны (адам)

Айына бір тәрбиеленушіге кететін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, теңге

Бір айдағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

БАРЛЫҒЫ

Оның ішінде:

Оның ішінде:

Толық күн келу

Жарты күн келу

Толық күн келу

Жарты күн келу

1

"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімі аппаратының "Солнышко" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

201

201

-

25159

-

9800

2

"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімі аппаратының "Тополек" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

201

201

-

22548

-

9800

3.

"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі әкімі аппаратының "Балдәурен" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

204

204

-

16719

-

9800


     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады