Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің 2018 жылғы 24 наурыздағы № 03 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 наурызда № 5575 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің 22.04.2021 № 03 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2018 жылғы 24 наурыздағы № 7 хаттамасының негізінде, Глубокое ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Кимасов Сергей Борисович тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Кимасов Сергей Борисовичке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі К. Байгонусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады