Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Алтай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 19 сәуірде № 5-12-152 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 19/3-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 26.07.2022 № 19/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 03.12.2019 № 57/3-VI шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 "Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509- бабының 5- тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 03.12.2019 № 57/3-VI шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Алтай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 10 (он) есеге арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 03.12.2019 № 57/3-VI шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Зырян ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2017 жылғы 5 маусымдағы № 18/3-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5103 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Зиннуров
      Зырян ауданының
мәслихат хатшысы
Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады