Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 5587 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімінің 05.12.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2018 жылғы 30 наурыздағы хаттамасы негізінде, Зырян ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Зырян ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Зырян ауданы әкімінің орынбасары Асхат Кенжебекович Букатов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Асхат Кенжебекович Букатовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Зырян ауданының әкімі Н. Токсеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады