Катонқарағай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 18/170-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 9 шілдеде № 5-13-142 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан елді мекен болып Үлкен Нарын ауылы белгіленсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Байғонысов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Бралинов

  Катонқарағай аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
20 маусымдағы № 18/170-VІ
шешіміне 1 қосымша

Катонқарағай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Рет №

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттар

1

Жер үстіндегі жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар (паркингтер), басқа маңыздағы ғимараттардың ішіне салынған автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

3

Ғимараттардың үй астындағы жерасты, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар (паркингтер)

3 санат

  Катонқарағай аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
20 маусымдағы № 18/170-VІ
шешіміне 2 қосымша

Катонқарағай ауданы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелері

Рет №

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Салық Кодексімен белгіленген базалық салықтық мөлшерлемелер

Базалық салықтық мөлшерлемелердің ұлғаюы

1

1 санат

0,48

10 есе

2

2 санат

0,48

9 есе

3

3 санат

0,48

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады