Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 83 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 3 мамырда № 5-15-112 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 156 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 05.05.2020 № 156 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 382 "Көкпекті ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5321 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Даурен Бакытжанович Койгельдинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы М. Темиржанов

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "05" 04
№ 83 қаулысына № 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны

1

Балабақшалар

833

2

Мектеп жанындағы кіші орталықтар

426

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "05" 04
№ 83 қаулысына № 2 қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)

1

Балабақшалар

327,7

418,1

2

Мектеп жанындағы кіші орталықтар

318,9

350

      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "05" 04
№ 83 қаулысына қосымша № 3

Көкпекті ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Тәрбиеленушілер саны, адамдар

Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге

Бір айда ата-аналар ақы төлемінің мөлшері, теңге

Балабақшалар

Мектеп балабақша кешендері

Шағын орталықтар

Балабақшалар

Мектеп балабақша кешендері

Шағын орталықтар

720

113

426

25812,5

18049

14238

8000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады