Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 1342 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 5210 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 2532 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 31.12.2020 № 2532 қаулысымен (2021.01.01.бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Р.Закаринге жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М.Мұқаев

  Орал қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 25 мамырдағы
№ 1342 қаулысына
қосымша

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан
жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

Орал қаласы

1.

Солтүстік-батыстан Жайық өзенінен өтетін теміржол көпірінен теміржол жері шекарасы бойынша Деповская көшесі бойымен теміржол арқылы өтетін бұрынғы 1-автокөлік кәсіпорны шекарасына дейін, оның батыс шекарасы бойымен өтпелі тоғанға дейін, Жайық өзенінің ескі арнасы бойымен Жайық өзеніне дейін және оның жағалауы бойымен Горький тоғанына дейін, тоған бойымен Шаған өзеніне дейін, Шаған өзені бойымен Шаған өзенінен өтетін теміржол көпіріне дейін

2,45

2.

Солтүстік-батыстан Шаған өзенінен өтетін теміржол көпірі арқылы жағалау бойымен Орал қаласының солтүстік шекарасы бойынша Орал-Самара жолына дейін, осы жолмен Шолохов көшесіне дейін, Шолохов көшесі бойымен Циолковский көшесіне дейін, Циолковский көшесі бойымен теміржол жеріне дейін, теміржол жері бойымен батыста Магистральная, Локомотивная көшелері, Шаған өзенінен өтетін теміржол көпіріне дейін

2,45

3.

Солтүстіктен теміржол шекарасы бойынша С. Датұлы көшесіне дейін, одан әрі С. Датұлы көшесі бойымен оңтүстікке қарай батыс шекарасы бойынша Жайық өзеніне дейін, Жайық өзенінің жағалауымен оның ескі арнасына дейін, оның батыс шекарасындағы бұрынғы 1-автокөлік кәсіпорны бойымен Деповская көшесіне дейін, Деповская көшесімен теміржол Депосы ауданына дейін

2,45

4.

Солтүстіктен Циолковский көшесінің бұрышынан Шолохов көшесі бойымен шығысқа қарай Московская көшесінің бойымен, одан әрі жеке құрылыстар шекарасы бойымен оңтүстікке қарай теміржол жеріне дейін, Циолковский көшесіне дейін. Циолковский көшесі бойымен Шолохов көшесіне дейін

2,45

5.

Орал-Самара жолынан солтүстікке қаланың солтүстігі бойынша Солтүстік шығыстағы көпқабатты тұрғын үйлерді қоса және Желаев өндірістік торабымен қаланың шығыс шекарасы (Желаев ауылын қоспағанда) теміржол жері бойымен солтүстік-шығыс ауданындағы жеке құрылыстар шекарасына дейін және осы шекара бойымен Московский көшесі бойымен Орал-Самара тас жолына дейін

2,35

6.

Солтүстіктен С. Датұлы көшесінен теміржол жері шекарасы бойымен Жайық өзенінің аңғарына дейін, оның жағалауындағы оңтүстік және батыс шекараларындағы Жайық өзені көпірінен С. Датұлы көшесінің бойымен солтүстікке қарай теміржол жеріне дейін

2,25

7.

Зашаған кентінің жерлері, солтүстіктен қоса алғанда Деркөл кенті аумағындағы жол торабынан темір жол бойымен Шаған өзеніне дейін, оның оңтүстігіне оң жағалауымен сағасына дейін, Анискино көлі бойымен Жайық өзеніне дейін, Жайық өзені бойымен "Ізденіс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жерінің шекарасына дейін, Меловые горки ауылын қоса одан әрі қала жерінің оңтүстік шекарасы бойымен Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының жеріне дейін, одан әрі Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы жерінің шекарасы бойымен жол торабына дейін

2,25

8.

Деркөл кентінің жерлері, 2-газ тарату стансасын қоса, "Үміт" ауылы, "Белая казарма" аймағы, Деркөл, Шаған өзендері аңғарындағы жерді қоса алғанда, Шаған өзені арқылы өтетін теміржол көпіріне дейін

2,05

9.

Серебряков ауылы, Круглоозерное кенті, Меловые горки ауылы, Желаев ауылының жерлері және басқа да елді мекендер

2,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады