Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 06.06.2024 № 15-6 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес уәкілетті ұйымның Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан айырбастау пункті бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В.Ан |
Мәслихат хатшысы | А.Куликешев |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №32-9 шешіміне қосымша |
Уәкілетті ұйымның Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан айырбастау пункті бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Салық салу объектісінің бірлігі | Тіркелген салықтың мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | бір айырбастау пункті | 25 |