Бөрлі ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерін ұлғайту, салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 32-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 5448 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.

      2. Автожанармай құю станциялары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Ақсай қаласы болып айқындалсын.

      3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В.Ан
      Мәслихат хатшысы А.Куликешев

  Бөрлі аудандық мәслихатының
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№32-8 шешіміне қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты, автұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалықсалық мөлшерлемелерінің ұлғайтылуы

№ р/с

Автотұрақ тардың (паркингтердің) түрлері

Автотұрақ тардың (паркингтердің) санаттары

Аудандық маңызы бар қалада автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері, теңге (облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы)

Автотұрақ тар (паркингтер) үшін бөлінген кенттегі жерлерге базалық салық мөлшерлемелері, теңге

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген ауылдағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері, теңге

Базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғайтылуы

1

Автотұрақтардың (паркингтердің) ашық түрдегі

1 санаты

4,34

0,96

0,48

он есе

2

Автотұрақтардың (паркингтердің) жабық түрдегі

2 санаты

4,34

0,96

0,48

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады