Бөкей ордасы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффиценттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 80 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 5222 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 156 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 12.10.2020 № 156 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13285 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффиценттерін бекітілсін.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Зұлқашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Рахымжанов

  2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 80 Бөкей ордасы ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Бөкей ордасы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффиценттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффиценттері

Сайқын ауылдық округі

1

Сайқын ауылы

2,3

2

Большевик ауылы

1,6

3

Жәрмеңке ауылы

1,85

4

Шонай ауылы

1,75

Бисен ауылдық округі

5

Бисен ауылы

2,2

6

Жамбыл ауылы

1,8

7

Жиекқұм ауылы

1,8

8

Көктерек ауылы

1,8

Ұялы ауылдық округі

9

Ұялы ауылы

2,2

10

Кеңой ауылы

1,75

Темір Масин атындағы ауылдық округі

11

Бөрлі ауылы

2,1

12

Тереңқұдық ауылы

1,5

Мұратсай ауылдық округі

13

Мұратсай ауылы

2,2

14

Әжен ауылы

1,6

15

Тайғара ауылы

1,75

Орда ауылдық округі

16

Хан Ордасы ауылы

2,25

17

Қарасай ауылы

1,45

18

Қарасу ауылы

1,75

19

Сейітқали ауылы

1,75

20

Үштерек ауылы

1,85

Саралжың ауылдық округі

21

Саралжың ауылы

2,0

22

Бескөл ауылы

1,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады