Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 100 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 5175 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қараөзен ауылы "Ғ.Сүйеуғазиев көшесі" аялдамасы – Жалпақтал ауылы "Әнесов көшесі" аялдамасы, "Жалпақтал ауылы" – "Жаңажол ауылы" маршруттар бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 80 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Казталов ауданы әкімдігінің "Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №303 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4112 тіркелген, 2015 жылғы 5 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.

      4. Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы (Ж.Дүйсенгалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары С.Бегжановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Шыныбеков

      КЕЛІСІЛДІ:
Казталов аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы                                                М.Рамазанов
Мәслихат хатшысы
30 наурыз 2018 жыл                                                      С.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады