"Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 489 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 18196 болып тіркелді

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2012 жылғы 18 қаңтардағы 7-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 489 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11264 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Үміткер өтінімге сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құжаттар тізбесін ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді.";

      18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған түрде мөр басылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына ұсынылады.";

      1 қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2019 жылғы 15
қаңтардағы № 10 бұйрығына
  қосымша
  Телерадио хабарларын тарату
  мақсаты үшін жиілік белдеулерін,
  радиожиіліктерді (радиожиілік
  арналарын) бөлу қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан
  Телерадио хабарларын таратуды
  дамыту мәселелері жөніндегі
  Комиссияның төрағасына

Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім

      Жалпы мәліметтер:

      1. Заңды тұлғаның толық атауы

      / жеке тұлғаныңтегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _____________________________________________________________

      2. Заңды мекенжайы:

      _____________________________________________________________

      3. Телефондардың, факстердің нөмірлері:

      _____________________________________________________________

      4. Конкурстық хабарландыруға сәйкес пайдалану жоспарланған жиілік номиналы:

      ___________________________________________________________

      5. Конкурстық хабарландыруға сәйкес таратушы станцияның қуаты, Ватт:

      _______________________________________________________________

      6. Таратушы станцияның орнатылу пункті

      _______________________________________________________________

      7. Жоспарланған ретрансляцияланатын телеарналар тізбесінің атауы

      ______________________________________________________________

      8. Хабар таратуға құқық алу сәтінен бастап қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі:

      ____________________________________________________________

      9. Теле-, радиоарналармен халықты қамтудың жоспарланған көлемі:

      _____________________________________________________________

      Қоса берілген құжаттар

      1.______________________________________

      2.______________________________________

      3.______________________________________

      бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы

      Мөр орны (бар болған жағдайда) 20__ ж. "__" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады