РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 603-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төлеушілер, сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтің нысаны бекітілсін.
2. "Төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 403 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16703 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 271 бұйрығымен бекітілген |
|
нысан |
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәлімет
Есепті кезең 20___ жылдың ______ айы.
Кезеңділік: ай сайын.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Жергілікті атқарушы органдар.
Қайда ұсынылады: сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына.
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей.
№ | Жалпы мәліметтер | ||||||||
Төлеушінің атауы (тегі аты әкесінің аты (болған кезде), заңды мекенжайы дара кәсіпкер орналасқан жері (тұрғылықты жері)* | Төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі* | Төлеушінің санаты (жеке тұлға, дара кәсіпкер, заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі), мемлекеттік орган) | Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылғаны туралы хабарлама берілген күн/бұзушылықтар туралы хаттаманың нөмірі және күні, фото немесе бейне растау күні (болған кезде) | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны* | Жолдардың маңыздылығы (республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық аудандық маңызы бар, ауыл, кент) | Авто көлік жолдарының санаты, нөмірі (болған кезде) | Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің түрлері | Орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманың саны | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кестенің жалғасы
Жалпы мәліметтер | Хабарламалар берілмеген (болған кезде) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырған фактісі анықталған күні | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы қайта монтаждау туралы нұсқаманың берілген күні (болған кезед) | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды тоқтату туралы мәліметтер (болған жағдайда) | ||||||||
Сыртқы (көрнекі) жарнама түрінің бір жағының алаңы | Хабарламаға сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру кезеңі (ай) | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезеңінде бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы, теңге | Төлемақы мөлшерлемесі, айлық есептік көрсеткіш | Есепті жылда (ай) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырудың нақты мерзімі | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшері*, теңге | Бірінші айға төлемақы сомасын төлеу туралы мәлімет | |||||
Төлемақы сомасы, теңге | Төлем құжатының нөмірі мен күні | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды тоқтатуды растайтын құжаттың нөмірі, күні | Есепті жылда азайтуға жататын төлемақы сомасы, теңге | ||||||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
________________________________________________________________________ |
_________________ |