Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 сәуірде № 18523 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2029 дейін қолданыста болады

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 293-бабының 4-3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес меншікті өндірістің өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауға жетекшілік ету Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктеледі.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жұмағалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 37/НҚ бұйрығына
1- қосымша

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Бағдарламалық қамтамасыз етуді және бағдарламалық өнімді әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, модификациялау және іске асыру (бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктерге интеграцияланған қызметтерді коммерциялық мақсаттарда пайдалану, оның ішінде ақылы контентті орналастыру, кіріктірілген қосымша функционалды сату арқылы іске асыруды қоса алғанда).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2023 № 413/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ақпараттық жүйелерді (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қоспағанда) құру, тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану, енгізу, дамыту, түрлендіру, сүйемелдеу;

      3. Жеке немесе үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып, деректерді өңдеу қызметі (мәліметтер базасында білімді табу).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2023 № 413/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жаратылыстану және техникалық ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер, эксперименттік әзірлемелер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық немесе тәжірибелік-технологиялық жұмыстарды орындау және осындай зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру;

      5. Технологияларды, микро -, опто - және наноэлектроника, микроэлектроника құрылғылары мен жүйелерін әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру немесе әзірлеудің жекелеген кезеңдері (зерттеу, жобалау (құрастыру), тестілеу, техникалық сынау), баспа платаларын монтаждау және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру;

      6. Технологияларды әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру немесе робототехниканың технологиясын, құрылғылары мен жүйелерін әзірлеудің жекелеген кезеңдері (зерттеу, жобалау (құрастыру) тестілеу, техникалық сынақтар) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін енгізу;

      7. Радиолокация, радионавигация, радиобайланыс, радиобасқару, радиожиілікті сәйкестендіру технологияларын, құрылғылары мен жүйелерін әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру (зерттеу, жобалау (құрастыру), тестілеу, техникалық сынау) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру;

      8. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялық технологиялар саласындағы технологияларды, жабдықтар мен құрылғыларды, биометрия құрылғылары мен жүйелерін әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту және түрлендіру немесе әзірлеудің жекелеген кезеңдері (зерттеу, жобалау (құрастыру), прототиптеу, тестілеу, техникалық сынақтар) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру;

      9. Қорғалған орындаудағы ақпаратты өңдеудің техникалық, бағдарламалық құралдарын, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық құралдарын әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру, өндіру, өткізу, монтаждау, баптау (жоғарыда аталған барлық жұмыстар бірге немесе олардың бір бөлігі), оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық тәсілдері мен құралдары;

      10. Бұлтты есептеу технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалық қамтылымды және (немесе) аппараттық-бағдарламалық кешендерді әзірлеу, дамыту, түрлендіру, енгізу, пайдалану және сүйемелдеу;

      11. Блокчейн технологиясы негізінде немесе оны пайдалана отырып бағдарламалық қамтылымды және (немесе) аппараттық-бағдарламалық кешендерді әзірлеу, енгізу, дамыту, түрлендіру, сүйемелдеу;

      12. Көлік құралдарын пилотсыз басқару жүйелерін, сондай-ақ спутниктік навигация, ұялы байланыс пен көліктегі жедел қызметтерді шұғыл шақыру жүйелері мен құрылғыларын әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту және түрлендіру және іске асыру.

      13. Жасанды интеллект технологияларын, құрылғылары мен жүйелерін әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түлендіру немесе әзірлеудің жеке кезеңдері (зерттеу, жобалау (құрастыру), техникалық сынау) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру;

      14. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қатысушысы құқық иесі болып табылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, сатушылар мен сатып алушылар арасында байланыс орнату және мәмілелер жасау үшін Интернет арқылы бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктер беру (нақты уақыт режимінде Интернетке жұмыс істейтін сауда алаңын ұсыну), оның ішінде жасалатын қызметтер шеңберінде ілеспе қызметтер көрсету жөніндегі қызмет сауда алаңының бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктеріне біріктірілген мәмілелер.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2023 № 413/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бір-бірімен немесе сыртқы ортамен (интернет-заттар) өзара іс-қимыл жасау үшін кіріктірілген технологиялармен жарақтандырылған физикалық заттардың есептеу-коммуникациялық желісінің тұжырымдамасын әзірлеу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру, енгізу, іске асыру;

      16. Компьютерлік, мобильді, онлайн ойындарды (бейне ойындарды) (коммерциялық мақсаттарда пайдалану арқылы бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктерге интеграцияланған қызметтерді іске асыруды қоса алғанда, ақылы контентті орналастыру, кіріктірілген қосымша функционалды сату) әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, өзгерту және іске асыру.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2023 № 413/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мынадай бағыттар бойынша оқыту бойынша қызметтер көрсету: бағдарламалық қамтамасыз етудің архитектурасы мен әкімшілігі, оның ішінде өнім менеджменті, желілік жүйелердің архитектурасы мен әкімшілігі, ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеу, Заттар интернеті саласындағы шешімдердің архитектурасы мен дизайны, бағдарламалық және аппараттық платформалар негізінде шешімдерді әзірлеу,операциялық жүйелерді әзірлеу, веб-қосымшаларды әзірлеу, Алгоритмдер (жасанды интеллект, криптография және басқалар), талдау және үлкен деректермен жұмыс, Мобильді қосымшаларды әзірлеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қауіпсіздік, интерактивті 3D қосымшаларды, виртуалды және Толықтырылған шындық қосымшаларын әзірлеу, бейне ойындар әзірлеу, бағдарламалау тілдері.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2023 № 413/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларын, құрылғыларын, бағдарламаларын әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру немесе әзірлеудің жеке кезеңдері (зерттеу, жобалау, техникалық сынау) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру;

      19. Есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер (цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсынатын деректерді өңдеу орталықтарын (Data-орталықтарды) қоспағанда).

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.04.2022 № 130/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 37/НҚ бұйрығына
2-қосымша

Меншікті тауарлар өндірісінің өлшемшарттары

      Ескерту. Өлшемшарттар жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.04.2022 № 130/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы меншікті өндірістің өлшемшарттары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 293-бабының 4-3 тармағына сәйкес әзірленген және "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың меншікті тауарлар өндірісінің өлшемшарттарын белгілейді.

      2. Меншікті өндірістің өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) бекітілген Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға сәйкес "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттың бар болуы.

      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағының 13) тармақшасына сәйкес индустриялық сертификаттың бар болуы.

      3. Осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген өлшемшарттарының бірінің болуы меншікті өндірісті айқындау үшін жеткілікті болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады